Білім • 26 Маусым, 2024
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысында 4 065 мәрте тест тапсырылған. «Талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде тестілеуден өтті» дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Назгүл Мұхамбетжанқызы.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Мемлекеттік тілді дамыту институты мамандары «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың жүйесі» жобасы аясында балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары, үйрету курстарында зерттеу жүргізіп, нәтижесінде тілді деңгейлеп оқыту бағдарламасында жүйелілік пен сабақтастық жетпейтіндігін анықтады. Республикада қазақ тілін оқыту, үйрету барысы көңіл көншітпейтінін айтып, осы зерттеулер негізінде ғалымдардың, практик-мұғалімдердің қатысуымен бірнеше семинар-кеңес өткізді.
«Таза Қазақстан» • 26 Маусым, 2024
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 45 жобаны пысықтады, оның ішінде Ақмола облысында қоқысты сұрыптап, қайта өңдейтін үш кешен салу жоспарланған. Жоба шамамен 7 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Алматы • 26 Маусым, 2024
Алматы қаласына бертінде қосылған Алатау ауданының халқы бүгінде 60 мыңға жетіп жығылатын болса, ендігі жерде олар «Нұркент» шағын ауданында бір ауысымда 400 адам қабылдай алатын жекеменшік клиникада тегін медициналық көмек алатын болды.
Жұмыс • 26 Маусым, 2024
Жәрмеңкеде жұмыс орны ұсынылды
Облыс орталығында «Шығыс маманы» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 100-ден астам жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңкеде 1 500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Айта кету керек, әсіресе шалғай аудандарда маман тапшылығы байқалады.