Аймақтар • 25 Маусым, 2025
Ай нұрлы, ару сипатты Айыртау көлінің шығыс жақ жағалауындағы «Сокол» балаларды сауықтыру орталығы алты жыл үзілістен кейін күрделі жөндеуден өткізіліп, қайтадан жұмыс істей бастады.
Заң мен Тәртіп • 25 Маусым, 2025
Қазіргі дамыған технология қай салаға да өзгеріс енгізумен қатар өзгені алдап жан бағатындар үшін де қолайлы болып отыр. Осының салдарынан жыл сайын мыңдаған азамат киберқылмыстың құрбанына айналады.
Мәселе • 25 Маусым, 2025
Шабындық мәселесі шешімін табады
Кейінгі бірнеше онжылдықта Орталық Азияда орнаған қолайсыз климат пен су тапшылығы топырақ пен су эрозиясын күшейтіп, жайылым әрі шабындық жерлерді тоздырып жіберді. Бұл ретте отандық экологтер мен ғалымдар қол қусырып, қарап отырған жоқ. Таяуда Ақтөбе облысында құнары кеміген 2 500 гектар жерді тыңайту жұмысы басталды. Тың бастаманы Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығы мен БҰҰ жанындағы «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы» жүзеге асырады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2025
Қарағандылық оқушылар халықаралық Абай оқуларында жеңімпаз атанды
«Абай оқулары» XXVI халықаралық шығармашылық байқауы ұлы ақынның 180 жылдығына арналған. Оған Қазақстан, Алтай өлкесі, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Қытай елінен оқушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Маусым, 2025
Бала екі-үш жасқа толған кезде, анасының жұмысқа шыққысы келетіні сән үшін емес, заман талабы десек те болады. Бірақ уайым бақшада да бітпейді, мектепте де көбеймесе, азаймайды. Таңнан кешке дейін жұмыста жүрген ата-ана баласының сабақтан кейінгі бос уақытын сапалы өткізуін ойлайды. Баланың мектептен шыққан соң қосымша сабақтар мен түрлі үйірмелерге баратыны, сол уақытты қалай толтырамыз дегенге саятынын да көріп жүрміз.