Байқау • 26 Маусым, 2024
«Тұмар» - 2024 ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды
«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық сыйлығының он екі номинациясы бойынша номинанттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Маусым, 2024
Астанада дзюдодан 20 жасқа дейінгілер (U-20) арасында халықаралық турнир өтті. Данияр Мақышевты еске алуға арналған халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей елдерінен 150-ге тарта жас балуан бағын сынады.
Руханият • 26 Маусым, 2024
Тұп-тура бір ай бұрын ғана газет бетінде Данияр Саламаттың Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген «Талақ» фильмі үлкен додада бақ сынайтынын жазып, көңіліміз күпті болып жүрген. Міне, күні кеше ғана Шанхайдан сүйінші хабар келіп, өнерсүйер дүйім жұрт қатты қуанды. Қазақ кинокартинасы әлемнің үздік 14 фильмін басып озып, бас жүлдені қоржынға салды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген туынды ХХVІ Халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) толықметрлі фильм аталымының «Алтын кубогін» жеңіп алды. Сондай-ақ актриса Амира Омарова «Ең үздік әйел рөлі» аталымында жұлдызы жанды.
Мәдениет • 26 Маусым, 2024
«Қазақ концерт» – Қытай төрінде
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері мен шығармашылық ұжымдары 20-22 маусым күндері Қытай Халық Республикасының Дэчжоу және Ланфан қалаларында өнер көрсетті.
Айбын • 26 Маусым, 2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы – ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің жедел қызметіне мамандар даярлайтын еліміздің элиталық, бірегей және жалғыз оқу орны. Бүгінгі күннің академия түлектері – өз білімін, шеберлігі мен дағдыларын қазіргі заманға сай қолдануға қабілетті, жан-жақты дамыған парасатты офицер. Ең алдымен, Отанға, халқына, қызметке адал.