Аймақтар • 01 Маусым, 2022
Абай мен Шәкәрімді оқығандар өз орнын табады
Балалар жылы аясында ұлылар туған Жидебай жерінде республикалық Абай оқуларының облыстық байқауы өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарынан жиналған 70 оқушы қатысты.
Қазақстан • 01 Маусым, 2022
Ерен еңбегімен қоғамнан өз орнын тапқан қайраткер азаматтың бірі, біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Тұрғараев Бекет Тұрғараұлы. Ол – 1947 жылы 5-маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Талдыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектептің сегізінші сыныбынан соң, Түркістандағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. Оны бітірген соң туған ауылында спорт нұсқаушысы, комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет атқарады.
Спорт • 01 Маусым, 2022
Кеше футболдан УЕФА Ұлттар лигасының үшінші маусым ойындары басталды. «С» лигасының төртінші тобында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы ойынын Әзербайжан құрамасымен өткізеді. Ұлттық құрамаға жаңадан тағайындалған бас бапкер Могамед Адиев үшін бұл алғашқы сынақ болмақ. Матч 3 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Маңызды кездесу қарсаңында оқырмандар назарына Қазақстан футбол федерациясының ақпараты бойынша дайындалған кездесулер тарихы мен қарсылас құрама туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.
Абай • 01 Маусым, 2022
Елордадағы Достық үйінде еліміздегі Әзербайжан Республикасының елшілігімен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы «Абайдың ұлылығы немесе ХХІ ғасырда ойшылдың портретін жасауға талпыныс» атты кітап таныстырылды.
Аймақтар • 01 Маусым, 2022
Бұқар жырау ауданындағы Петровка ауылында көкпардан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті. Аталған сайысқа Қарқаралы, Жаңаарқа, Осакаров, Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Нұра аудандарынан жеті команда қатысып, өзара шын мықтыны анықтады.