Экономика • 01 Маусым, 2022
Автокөлік экспорттауға мүмкіндік бар
Қостанайға Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок жұмыс сапарымен келді. Елші алдымен «СарыарқаАвтоПром» автозауытына барып, әлемге танымал корей бренді Kia автокөлігі құрастырылып жатқан өндіріс алаңының жұмысымен танысты.
Экономика • 01 Маусым, 2022
Жоғары технологиямен жұмыс істейтін зауыт
Петропавл қаласында бір кезде шағын литражды двигательдер (ШЛД) зауыты бар еді. Оның өнімдері елімізге және көршілес Ресейге жеткізілетін. КСРО-ның экономикалық жүйесі үзілгеннен бері сол зауыт тоқтап қалып, аумағын күл-қоқыс басып кеткен. Әйтеуір жері сатылып кетпей, аман қалған екен. 2019 жылы осы аумаққа еліміздегі аса ірі, құрамында 30-ға жуық кәсіпорыны бар электртехникалық өнімдер өндіру мен электрмонтаждық жұмыстар атқаратын «Алагеум электрик» холдингтік компаниясы келіп, өзінің өнімін жасайтын «Петропавлдың электртехникалық зауыты» атты кәсіпорынның құрылысын бастаған болатын.
Қаржы • 01 Маусым, 2022
Қазіргі геосаяси жағдай Қазақстан мен Ресей арасын бұрынғыдан да жақындата түсті. Ресейліктердің ішінара Қазақстанға қоныс аудара бастауы, елімізде жұмыс істейтін еншілес банктердің ауыр дағдарысқа ұшырауы, еларалық сауда қатынасының құбылмалы ауа райындай күрт өзгеруі (экспорт пен импорттың шектелуі) және Ресей билігінің Еуразиялық одаққа ортақ қаржы жүйесін құруды ұсынуы осыны байқатады.
Қаржы • 01 Маусым, 2022
Қаржы тапшылығы қажытпасын десек
«Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзіне және отбасының болашағына жинайтын адамның басына түбінде байлық қонады». Бұл – әлемдік экономикалық әдебиеттің классикасына айналған әйгілі «Вавилондағы ең бай адам» кітабының авторы Джордж Клейсонның сөзі. Расымен отбасылық әмиянды сауатты жоспарлаудың өзі – үлкен өнер. Дамыған елдерде қаржы сауаттылығына баулу, соның ішінде ақшаны үнемдеуге, оны ұқсатып жұмсауға және бюджетті жоспарлауға жастайынан тәрбиелейді. Ал бізде бюджеттің өзі жабық тақырып деңгейінде.
Қоғам • 01 Маусым, 2022