Білім • 30 Маусым, 2025
Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне диплом табысталды
2025 жылғы 30 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, физика және информатика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға университеттің Басқарма төрағасы–ректоры Болат Тілеп, Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, факультет деканы Шерипидин Хамраев, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, түлектер, олардың ата-аналары мен құрметті қонақтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Алименттен қашып, пәтерінен айырылды
Қазір қоғамда алименттен қашқан әке көп. Үйленуін үйленіп алып, отбасы жауапкершілігін көтере алмай ажырасқан соң, бұрынғы әйелін бала-шағасымен тастап, «бостандық алдым» деп ойлайтындар бар. Шын мәнінде, өмірге әкелген ұрпағы есейіп, етек-жеңін жиғанша оның ішіп-жемі мен киім-кешегі экс-күйеудің мойнында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Елімізде сатып алудан кейін чек сұрап, сол арқылы ақша қайтарып алуға мүмкіндік беретін Salyq кешбэк жобасы кеңейіп жатыр. Енді бұл жүйеге бірнеше жаңа аудан мен қала қосылды. Жоба аясында тұтынушылар әрбір фискалды чектен 2% мөлшерінде кэшбэк ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Маусым, 2025
БҚО-ның бизнес өкілдеріне Қытайда тегін кеңсе беріледі
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясының ірі өндірістік және сауда конгломераттарының бірі – Jiangsu SOHO Holding Group мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді. Аталған кездесу ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 30 Маусым, 2025
Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.