Әдебиет • 30 Маусым, 2017
«Алмаға ат байлаған» қандай ерлер?
...«Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді...». Бұл кімнің жыры? Біліп отырсыздар. Өзінің деңгейін аңғартқысы келгенде: «Азаулының Аймадет Ер Доспанбет Ағаның Хан ұлына несі жоқ, Би ұлынан несі кем...», дейтін әйгілі Доспанбет жырау.
Тәрбие • 30 Маусым, 2017
Елімізде жекеменшік балабақша жүйесі жылдан жылға көбейіп келеді.
Руханият • 30 Маусым, 2017
Қылығы баладай, көңілі даладай
Бала күнімізде әке-шешелерімізден «өмірдің қысқалығы қамшының сабындай ғана» деген сөзді жиі естуші едік. Мән бермеген екенбіз. Өзіміз есейіп етек-жеңімізді жиған соң, тіпті, алдымыз алпыстың асқарына жеткенде ол сөздің шын мағынасын, түп-төркінін түсінгендейміз. Шын мәнінде бұл жалған ғұмыр «қамшының сабындай» қысқа екен. Кеше ғана балалық шағымыз бір ауылда өткен, майлы топырақты бір кешіп, бірге өскен жазушы ағамыз Алпысбай Шымырбаев аяқ астынан бақилық болғанда осынау аталы сөздің мәнін шын ұқтық! Алпекең ағамызды ақтық сапарға шығарып салғанымызға да қырық күн болып қалыпты.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
«Жастар G-GLOBAL-ды қолдайды» республикалық байқауының нәтижесі анықтағандай, «G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.
Ескісін жамап, ешкісін сауып, қойын құрттап, айранын ұрттап малшылықпен, бақташылықпен, ұсталықпен, саятшылықпен, аңшылықпен шұғылданған қарапайым қазақтың әрбір ауылында алтын балық үйіріндей ақылды, арлы ақсақалдардың «Сүйек сындырма, ата атандырма!» немесе «Жер – Ана, Орман – Ата, Су – Қан», «Ауа – Жан», «Жел – Рух» дейтін асыл ойлары мен әйгілі ізгілікті әрекеттері болатын. Міне, осы жағдай сол бір көбелек қуған, қозы, бұзау баққан, тезек терген, отын-су тасыған ауыл балаларының әдепті дағды-машығын, таным-түсініктерін, көзқарасын, ой-санасын, төзім-рухын, тұрмыс-тіршіліктегі ұстанымын қалыптастырған еді.