Өнер • 28 Маусым, 2022
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Түркі халқының өмір салты тұнған философия. Шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестенің өзегін жалғар ізгілік, ана сүтімен сіңген асыл қасиет, жөргектегі жылу ғылымға негіз болар рухани реинкорнация. Көшпенділердің ғұмыр сипаты төбе кезіп, тау ықтау емес, тіршілікпен толық тамырласу. Бұл бабатанымнан тараған ғұмырлық мәйек алар нәзік ақылдың жемісі. Адасса атының жершілдігіне сенетін қазақтың қалып-қағидасы осы.
Әдебиет • 28 Маусым, 2022
Ол да бір жастық элексирі. Жастық элексирі дегенде, әдетте, әңгіме ауаны әбілхаят суы жайына ойысса керек-ті. Алайда біз жастықтың жойқын қуаты, жүз жасаған жүректің өзін алқынта, жүйрік атша жұлқынта жүрдек соқтырған жастық рухы жайын айтсақ дейміз. Жамбыл-Жәкеміздің жасы алпыстан асқан шағында, алып жүректің аманат шағындағы ақырғы соғысына дейін бүлкілдеп тұрған уағында да кәрілікті мойындамауы, қарттыққа мойымауы, буыннан алса да бойұсынбауы жастың өзін жасқантар жасампаз қуатқа ие.
Театр • 28 Маусым, 2022
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр – таңғажайып әлем. Рухани азығың аздық етсе, жан дүниең тозып бітсе, театрға бар. Соңғы жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының табалдырығын аттап жүрген көрермен көп. Олардың бәрі рухани тозғандықтан емес, өркениетке қол созғандықтан өнер ордасын жағалап жүр. Гүлімен келмесе де, рухты замандастың бірімен еріп, қазақ театрына қолдау көрсетеді.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Иса Байзақов Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған. Қазақ поэзиясында айрықша орын алатын Исаның актерлік, әншілік, домбырашылық өнерінің сыртында оның ақындық өнері бір төбе. Оның «Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», «Алтай аясында», «Кавказ», «Қырмызы-Жанай», «Ақбөпе» сияқты поэмалары өзінің көркемдігімен де, адамгершілік асыл қасиеттерді паш ететін идеялық қуатымен де қазақ әдебиетінде айрықша мәртебелі орынға ие.
Экология • 28 Маусым, 2022
Сырдария өзені биыл да арнасынан төмен түсіп, бар тіршілігі дарияға қараған жұртты абыржытып тұр. Тәңір тауындағы Нарын мен Қарадария өзендерінен бастау алатын Сырдың облыс аумағындағы ұзындығы – 1 274 шақырым. Ұлы даланы көктей өтіп, Аралға құятын Сырдария жағалауын аймақ халқының 85 пайызы мекен етеді.