Аймақтар • 28 Маусым, 2022
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Жуырда Алматыдағы ARTиШок театрының сахнасында қаладағы жалғыз әлеуметтік «Реванш» театрының труппасы «Жай ғана махаббат керек» спектаклін ұсынғаны туралы баяндамас бұрын, соңғы он жылда ЖИТС-тан көз жұматындар саны екі есеге азайғанын атап өткен жөн.
Білім • 28 Маусым, 2022
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Әлеуметтік желіде шамамен 5 немесе 6-сыныпты бітірген оқушының жылаған видеосы тарады. Онда бала өзінің қыркүйектен бері Назарбаев зияткерлік мектебіне үздіксіз дайындалып, жоғары ұпай жинаса да оқуға түсе алмағанын, өзінен әлдеқайда төмен көрсеткішпен кейбіреулердің грантқа іліккенін баяндайды. Талапкердің таусылып тұрғанында мән бар, өйткені орыс тобына грант көп бөлінген. Ал редакциямызға шағымданған өскемендік ата-аналар өңірдегі НЗМ басшылығы қазақ тобын ашудан бас тартқанын айтады.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметін модернизациялау басталған болатын. Яғни азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі құру мақсатында полиция, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.
Әдебиет • 28 Маусым, 2022
Еуропада жыл сайын қайта-қайта басылып шығатын елу кітап болса, соның басым көбі бақыт туралы кітап екен. Неге бақыт жайында? Сонда еуропалықтар бақытсыз ба, әлде бақытты болуға ұмтылып жүр ме? Жоқ, мәселе мұнда емес. Мұның жауабы бақыт іздеушілердің ұлт пен ұлысқа, нәсіл мен текке бөлінбейтінінде. Кітап сөрелерінде мызғып жатқан кітаптар қаншама? Тіпті соның кейбірін сан жылдар бойы оқырман қолына алмайды. Қалам иесі мен ақ қағаздың обалы кімге екенін де ешкім дөп басып айта алмайды. Ой мен сезімнің жүгін арқалаған сәтті шыққан туындылар да адамзаттың бір досы іспетті. Қайта-қайта оқисың, сырласасың, сосын оған мәңгілік деген ұғымды қатар қоясың. Кенеттен қолға түскен кітаптың бірі Сұлтан Раевтың «Жанжаза» атты романы еді. Оқырманын бірден жетелеп әкететін аталған туындыны қазіргі көрнекті қырғыз жазушысы жазғанын да ескере кеткен жөн сияқты. Мейлі, кім жазса да, роман өз мұнарасын өзі биіктетіп тұр.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Ауған соғысы туралы айтатын болсақ, Ауған соғысының хас батыры, әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың есімі ойымызға түсетіні рас. Бақытжан Ертайұлын танымайтын Алаш азаматы кемде-кем шығар. Ауған соғысы кезінде ержүрек әскери басшы әрі ақылды әскери стратег ретінде көзге түскен ерлігі үшін еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Халық қаһарманы» атағы берілді. Кейін Парламент Мәжілісінің депутаты атанып, заң шығару жұмысына белсенді араласты. Мен бүгінгі мақалам арқылы курсанттық етіктің талайын бірге тоздырған тағдырлас досым Бақытжанның қалың оқырман көп біле бермейтін азаматтық қырлары туралы сыр шерткім келеді.