Парламент • 27 Маусым, 2017
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның Сыртқы экономика және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Парламент • 27 Маусым, 2017
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийяртомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Жаңа ғасырда жан-жақты жаңғырулар көшін түзеген Қазақ еліндегі іргелі өзгерістерді әлем жұртшылығы мойындауда. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыздың және бұқаралық сананы қалай өзгертудің» айқын жолын көрсетіп берді. Сонымен бірге, халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ету міндеттелді.
Президент • 27 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Бүгінде әлеуметтік даму биігіне ұмтылған өркениетті елдерде «ақылды» қалалар қалыптастыру дәстүрі әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету сапасын барынша дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру болып табылады. «Ақылды» қалалар қатарына экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ахуалы тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады. Өз кезегінде «ақылды» қала жобасына қосылған қалаларға дарынды мамандар және озық технологиялар мен инновациялар көптеп тартылады. Қазіргі таңда әлем жұртшылығы көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізіп жатқан елордамыз Астана осы талаптар биігінен көрінуде.