ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Балалар 44 мыңнан астам экологиялық іс-шараға қатысқан
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ата-аналар, педагогтер, оқушылар бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам іс-шара өткізген. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Депутат Назарбаев Университетінде қазақстандық мамандар үлесін арттыруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, Назарбаев Университетінде қазақстандық мамандардың үлесін арттыруды және ауыл түлектеріне арналған дайындық бағдарламасын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 25 Маусым, 2025
Марсқа ұмтылған зерттеуші қыздар
Олар бар болғаны он алтыда. Бірақ жасаған жобалары – ғылымдағы үлкен талпыныс.Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Сәния Шоқан мен Еңлік Маман шағын барлау роботын жасап, халықаралық байқауда топ жарды. Өз қолымен құрастырған құрылғы Марстағы үңгірлер мен лавалық арналарды анықтауға арналған. Бұл – жас өнертапқыштардың ғылым мен техникаға деген батыл қадамы ғана емес, ел болашағының алтын сәулесі.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылықтар көбейген
Құрылыс жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алулар кезінде жиі тіркелетін жүйелі заңбұзушылықтар қоғамда негізді алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Тәуелді азаматтарды оңалтатын ұлттық бағдарлама қажет - Тұрлыханов
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің атына елімізде алкогольге, нашақорлыққа және ойын тәуелділігіне ұшыраған азаматтарды емдеу және оңалтудың жүйелі жолға қойылмауына байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.