Спорт • 29 Маусым, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» 2022/23 жылғы маусымға қалай даярланатынын жария етті.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Тұрғын үй құрылысы – шешілмей жатқан түйіндері шаш етектен келетін сала. Әсіресе үлестік құрылыс дегенде арыз бен шағым қарша борайды. Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да құрылысы қаңтарылып қалған тұрғын үй кешендерін тауып алу қиын емес. Былтыр елорда әкімдігі 13 мың үлескердің проблемасын шешті. Биыл жыл соңына дейін 40 құрылыстың проблемасын біржақты етпек. The Steppe мәліметінше, Алматыда 24 нысан құрылысы ұзаққа созылуы тұрғысынан өзіндік рекордтан үміткер.
Үкімет • 29 Маусым, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және ІT саласын дамыту мәселелері қаралды. Аталған тақырып бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және «Террикон алқабы» ІТ-Hub-ын дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады.
Экономика • 29 Маусым, 2022
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартының (UN Global Compact) толық құқықты қатысушысына айналды.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Болашағымызға бейқам қарамайық
Жасыратыны жоқ, биік мінберлерден болсын немесе алқалы жиындарда: «Болашақ – жастардың қолында», «балалар – жарқын болашағымыздың кепілі», дегендей ұранды сөздерді жиі естіп жатамыз. Ақыры кемел келешегімізді жас ұрпақпен байланыстырады екенбіз, онда олардың озық идеяларын жүзеге асыру мен қолайлы өмір сүру үшін қандай жағдайлар жасалып жатыр? Алғашқы қадамдарын енді жасай бастаған балалардың қауіпсіздігін толығымен қамти алдық па?