Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бағзы заманнан қалыптасқан ұлттық келбетімізді сақтай отырып, қазіргі жаһандық өзгерістермен бірге өзімізді, ұлттың ой-санасын қалай өзгерту керек мәселесі өте терең қозғалған Отандық тарихтың өтпелі кезеңінде, жаңа әлеуметтік-тарихи дамумен бірге қазақтардың бұрынғы құндылықтары өзгеріп, олардың жаңа өмірлік бағыты айқындалғанда, ұлттың рухани көсемдері ата-бабамыздың баға жетпейтін рухани мұрасына, ұлттың құлықтық-этикалық қалпына өнегелі бағыт беретін ұстаным ретінде жүгінді.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақстан абыройының асқақтағанын қалаймыз
Қазақ жастарының І халықаралық форумына қатысушылар осылайша ой толғады. Несін айтасыз, соңғы аптасы соққан маусым айы маңызды оқиғаларға толы болып тұр. Ең бастысы, елді елеңдеткен ЭКСПО көрмесі ашылды. Дүркіреп Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Алты Алаштың алқалы жиынына әлемнің әр шалғайынан келген ағайын арасында кейінгі толқын өкілдері көптеу көрінді.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Сәулелі сана жақсылыққа бастайды
Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық белесінің негізгі түйіні ел дамуының басты бес идеологиясына сүйенді. Олар: Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық және Өркендеу. Мен бұл он өзгешелікті неге тіздім дегенге келер болсам, ел тірегі болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел еңбегін, ақыл-парасатын көрсету еді. Бұл ұлы оқиғалар, ұлы еңбек емес пе?! БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында «Қазақстанның Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045» жоспарын жасау бастамасы жария етілді. Бұл жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Қазақстан Орталық Азия елдердің ішінде бірінші болып нарықтық экономикалық мемлекет ретінде танылды. Қайталап айтамын, бұл да Мемлекет басшысының көрегендігінің арқасында жүзеге асып отыр.
Президент • 27 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасының Заңы: № 79-VI ҚРЗ
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Жаңа бағдарламаның жай-күйі талқыланды
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.