Әдебиет • 26 Маусым, 2023
Қазақ елі егемендік алған кезде сыртта жүрген бауырлардың арасынан ақын Дүкен Мәсімханұлы алғашқылардың бірі болып атажұртқа ат басын тіреп еді...«Қазіргі қазақ әдебиеті: даму үрдістері, есімдер мен оқиғалар» атты ұжымдық монографияның «Қазіргі қазақ лирикасы» деген тарауында ақынның шығармашылығы оң бағаланды. «Өз аспаным өзімде» атты жыр жинағына белгілі ақын Н.Айтұлы «Арынды жырдың алкүреңі» деген алғысөз жазыпты. Онда ақын шығармасына: «Ал жүйріктің жүйрігі, ұшқырдың ұшқыры – ақын қиялы. Себебі ақын қиялы үшін қас қағым сәтте кеңістікті көктей өтіп ғарышқа, мұнар шөгіп, мүк басқан уақыттың белінен бір-ақ аттап, түу бағзыдағы өткен күнге барып байырқалау түк те емес», деген баға берген.
Қоғам • 26 Маусым, 2023
Қарағандыда Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті
Қарағанды қаласында ҚР Ұлттық ұланының басшылық құрамының қатысуымен Әскери кеңестің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Алқалы жиында құқықтық тәртіп әскерінің 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Маусым, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мажардың аса көрнекті ақыны Шандор Петөфидің қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли аударған «Махаббат пен бостандық» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Халықаралық түркі академиясы мен Қазақстандағы Мажарстан елшілігі бірлесіп ұйымдастырған ұлағаты мол рухани шара әлемге танымал әйгілі тұлғаның 200 жылдық мерейтойына арналды. Айта кететін бір жайт, бостандық жыршысының өршіл рухты бұл өлеңдері бұрынырақ талантты жазушы Роллан Сейсенбаев басқаратын «Абай» клубының қолдауымен «Азынаған қара айғыр» деген атпен жарық көрген еді.
Елорда • 26 Маусым, 2023
Астанада Халықаралық Олимпиада күні кең көлемде аталып өтті. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арнап бұл күні спорттық іс-шаралар, түрлі ойындар мен эстафеталық жарыстар, брейк-дансерлердің қойылымдары және әртүрлі жастағы балалар арасында таэквондо мен каратэден сайыстар ұйымдастырды.
Спорт • 26 Маусым, 2023
Жарысты жалғыз қоламен түйіндеді
Моңғолияның бас шаһары – Ұлан-Батырда ұйымдастырылған дзюдодан «Grand Slam» жарысы өз мәресіне жетті. Әлемнің 45 елінен келген 350 дзюдошы белдескен жарыста ел намысын 17 балуан қорғады.