Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі – 2017
Қазіргі заманда рейтинг жоғары оқу орындарында білім беру сапасын салыстырудың танымал тетігіне айналып, көптеген мақсаттарда пайдаланылады.
Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қорытындылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төрағалыққа үлкен дайындықпен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша күш салғаны белгілі.
Әлем • 27 Маусым, 2017
өз іштерінде тарқатуды қажет ететін түйінді мәселелер бар екенін көрсетіп берді. Жуырда Брюссельде Еуроодақ елдерінің саммиті болып, онда ЕО-ға қатысты кейбір өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде Ұлыбританияның Одақтан шығу үдерістерін пысықтай түсу мәселесі алдыңғы қатарда қаралды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Астана – халықаралық тақырыптар талқыланатын қала
Күні кеше Астанада ЭКСПО-2017 аясында ХІV Еуразиялық медиа-форум өткені белгілі. Оған әлемнің көптеген елінен танымал саясаткерлер мен сарапшылар және БАҚ өкілдері келген болатын. Біз төменде солардың бірнешеуінің медиа-форум, Астана және жалпы Қазақ елі туралы айтқандарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әлем • 27 Маусым, 2017
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) штаб-пәтерінде БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдардағы Тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанованың төрайымдығымен ДСҰ-ның Сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Қазақстан ДСҰ мүшесі болғаннан кейін алғаш рет ұйымның маңызды комитеттерінің бірін басқарды.