Театр • 27 Маусым, 2023
«Жошы хан»: Елдік пен бірлік мұраты
Тарих қойнауына көз салсақ, Ел билеген хандар еске түседі. Тым әріден тарқатсақ, Жошы ұлысы. Жо-жоқ, Жошыдан бұрын атағы алты қырдан асқан Шыңғысханды айтуымыз керек.
Теннис • 27 Маусым, 2023
Кейінгі жылдары еліміздің әр жас санатындағы теннисшілері бірқатар халықаралық турнирге қатысып, бірінен соң бірі жеңіс тұғырына көтеріле бастады. Мәселен, жасөспірімдер арасында бақ сынап жүрген Заңғар Нұрланұлы жуырда ғана Еревандағы ITF Juniors J30 турнирінде топ жарса, бірер жыл бұрын ғана ересектер бәсекесіне ауысқан Жібек Құламбаева сәуір айында Түркиядағы ITF жарысында жеңімпаз атанды. Ал күні кеше ерлер арасындағы ел теннисінің көшбасшысы Александр Бублик карьерасында алғаш рет ATP 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанып, еліміздегі теннис жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады.
Футбол • 27 Маусым, 2023
Өткен аптада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ФИФА рейтингінде 62-орында тұрған Солтүстік Ирландия құрамасын жеңіп, сенсация жасаған болатын. Жерлестеріміздің осы бір маңызды жеңісінен соң еліміздегі футбол жанкүйерлері Магомед Адиев бастаған жігіттер әлемдік рейтингте ТОП-100 құраманың қатарына қосыла ала ма деген сұрақты кеңінен талқылап жатыр. Осы орайда оқырмандарымызға ФИФА рейтингі қалай жасалатыны, құрамаларға рейтингтік ұпай қалай берілетіні туралы аз-кем мәлімет бере кеткенді жөн көріп отырмыз.
Бокс • 27 Маусым, 2023
Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ халықаралық «Елорда кубогі» турнирінің алауы тұтанды.
Өнер • 27 Маусым, 2023
Қазақтың аспаптық музыка өнері тарихындағы теңдесі жоқ, қайталанбас өз қолтаңбасы бар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Италия жерін күймен тербеді. Еуразия даласында ғасырлар бойы салтанат құрып, салиқалы ғұмыр кешкен, теңдесі жоқ төлтума туындылармен тарихын жазған халқымыздың күй өнерін көкке көтеріп келе жатқан ата оркестр 90 маусымының аясында Рим қаласындағы әйгілі Санта-Чичилия Мемлекеттік музыкалық консерваториясында алғашқы концертін өткізді.