Әлем • 27 Маусым, 2017
Әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшыларымыз – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп өзін және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді «әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшылары» деп атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Әдебиет • 27 Маусым, 2017
Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті алдағы уақытта ел өңірлеріндегі, яғни облыстық, қалалық, аудандық газеттерде жарияланған маңызды мақалаларды өз бетінде жарыққа шығаруды қолға алып отыр. Бұл бастаманың тырнақалды туындысы ретінде бүгін біз Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет істейтін журналист Қуаныш Тұңғатардың «Атамыз − Алаш» айдары аясында жарық көрген зерттеу мақалаларының Шәкәрімге арналған бөлімін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өткен күннің іздерін сол күйінде «қалпына келтіру» арқылы жеке шығармалардың ғана емес, тұтас бір кезеңнің тарихын мейлінше объективті түрде шынайы суреттеуде, зерттеуде архивтің, ондағы сақталған материалдардың маңызы орасан зор.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Тұсауын тәуелсіздік кескен «Отарқа»
Аты елең еткізердей етіп қойылған Екібастұздың «Отарқа» қалалық газетінің жарыққа шыға бастағанына биыл 25 жыл толды. Егемендігімізбен рухтас басылымның өмірге келуі де оңай бола қойған жоқ. Алғашқы бас редакторы Аманкелді Қаңтарбаев ағамыз өзіндік ізін салып, ғұмырлық аманат етіп кеткен «Отарқа» бүгінде биік тұғырда, еңселі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
«Қиындықтың жақсылығы бар» Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Бүгінгідей ақпарат билеген заманда газеттің Ахаң айтқан осы міндеттерінің жүгі бұрынғыдан да салмақтана түскені сөзсіз. Алайда, газеттердің нарық теңізіне шыққалы бастан кешкен қиындықтары аз емес. Әсіресе, жергілікті, өңірлік газеттердің «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналуы журналистігі де, ұйымдастырушылығы да мықты менеджер редакторға байланысты екені байқалады. Қарабалық аудандық «Айна» газеті қазір облыстағы кеуде қатарлы басылым саналады. Мария Сапарова 90-жылдары оқырманына жетпей қалған басылымды қайта қалпына келтіріп қана қойған жоқ, жұрт іздеп жүріп оқитын, билік те, оқырман да санасатын газетке айналдырды.