Жұмыс • 27 Маусым, 2024
Оңтүстік астанада жұмыссыз жастардың азаюына жобалық кеңсе аясында ашылған комьюнити орталықтардың жұмысы ықпал етіп отыр. Жастардың әлеуетін толыққанды іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету мақсатында жобалық кеңсе аясында ашылған 8 комьюнити орталық жұмыс істеп жатыр. Мұнда күн сайын келетіндер саны 300-ден асады. Мегаполис басшылығы келер жылдың соңына дейін комьюнити орталықтардың санын екі есеге дейін арттыруды көздеп отыр.
Аймақтар • 27 Маусым, 2024
Қызбелге қашан асфальт жол төселеді?
Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов былтырғы жылдың аяғында Жанкелдин ауданында өткізген актив жиналысында 2024 жылы Тоқанайдан Қызбел аулына шекті тасжол төселетінін айтып, дүйім елді қуанышқа бөлеп тастап еді. Халық кәдімгідей сүйіншілесіп, мәре-сәре болып қалған-тын.
Құқық • 27 Маусым, 2024
Тұтынушылар құқы қалай қорғалады?
Сауда орындары тарапынан келеңсіз жайттарға кезігіп, жарамсыз тауарды қайта өткізе алмай, тиісті органдарға жүгініп жататын тұтынушы көп. Сарапшылар болса, қолданыстағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда олқылықтар бар екенін, оған өзгерістер енгізу қажеттігін ескертеді.
Сұхбат • 27 Маусым, 2024
Нұрболат Айдапкелов: Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау – маңызды міндет
Егіс науқаны кезінде шаруаларға көмек қолын созудың маңызы зор. Экономиканы алға сүйреуші әлеуетке ие ауыл шаруашылығы саласы жыл санап тәуір көрсеткіштерге қолжеткізіп келе жатыр. Бірақ биылғы су тасқыны жоспарды өзгертіп, көп іске көлеңкесін түсіріп кетті. Оның салдарын жойып, науқанды ойдағыдай өткізу – мемлекетке сын. Осы орайда «Бәйтерек ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловпен аз-кем сұхбат құрған едік.
Егемен Қазақстан • 27 Маусым, 2024
Журналистика – өмір бойы үйренетін мамандық
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің редакция ұжымы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің студенттері мен жас журналистерге арнап семинар-кездесу өткізді.