Digital • 27 Маусым, 2024
Қазір ғылымға иек артқан білім шаңырақтарында роботтехника саласын дамыту міндеті тұр. Әсіресе жастардың қызығушылығын арттырып, заманауи технологияның тілін жетік меңгеруге баулу қажет. Осы ретте Талдықорған қаласында «РобоЖУ-2024» облыстық роботтехника олимпиадасы өтті. Жылда дәстүрлі түрде өтетін білім бәйгесіне ауыл мен қаладан 15 мектеп командасы қатысты.
«Таза Қазақстан» • 27 Маусым, 2024
Ауқымды жобаларға жол ашқан акция
Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы туралы кеңейтілген кеңес өтті. Барлық деңгейдегі әкімдердің басын қосқан жиында ауылды дамыту, елді мекендерді абаттандыру мәселелері де талқыланды.
Спорт • 27 Маусым, 2024
Иорданияның астанасы – Амманда 17 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен күрестен Азия біріншілігін Қазақстан құрамасы алты қола медальмен қорытындылады. Ол жүлделердің иегерлері – Сәния Солтанғали (49 кг), Мадхия Усманова (53 кг), Анна Стратан (57 кг), Ұлдана Тілеухан (65 кг), Зейнеп Еламас (69 кг) және Ақбота Қадыр (73 кг). Одан кейін бозкілемге еркін күрес шеберлері (U-17) шықты. Жарыстың алғашқы күні Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс, Бақдәулет Әкімжанов үшінші орынға табан тіресе, келесі тәулікте балуандар толық жүлделер жиынтығына ие болды. Атап айтсақ, Едіге Қасымбек алтын, Бекасыл Асамбек күміс және Бекзат Амангелді қола медальды еншіледі.
Сұхбат • 27 Маусым, 2024
Гүлдара Нұрымова: Қоғамның дәрігерге көзқарасын түбегейлі өзгерту қажет
Еліміздің денсаулық сақтау саласында да кейінгі жылдары реформалық өзгерістер қолға алынып жатыр. Соның арқасында қаржыландыру көлемі артып, диагностикаға ауадай қажет жоғары технологиялық аппараттар көптеп алынды. Дегенмен ел медицинасын уысында ұстап отырған МӘМС қоры жүйесі кейінгі кездері сынға көп ұшырап жүр. Жұртшылықтың арыз-шағымы да көбейіп келеді. Бұл қор жұмысына Мемлекет басшысының да көңілі толмай, жүйені қайта қарау керектігін тапсырған болатын. Одан бөлек, дәрігерлер мәртебесі мәселесі де күйіп тұр. Осы орайда медицина ғылымдарының кандидаты, Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымовамен сұхбат құрып, саладағы өзекті мәселелер туралы сұрағымызға жауап алдық.
Денсаулық • 27 Маусым, 2024
Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы бүгінде қоршаған ортаға, тағамның құндылығына әсер ететін зерттеулердің түр-түрін жүргізеді. Табыстан бөлек, тұтынушы мүддесін биік қойған кәсіпкерлерге де көмек көрсететін орталықтың зертханасын біз де аралап, мамандардың жұмысын бір сәт бақылаған едік.