Әдебиет • 04 Маусым, 2024
Алтайдың күзі ғашық етпей қоймайды
Мұқабасындағы бұғылардың айқасқан суретіне қарап-ақ, кітапты қолыңызға алар едіңіз. Қойын қалтаға сала салатындай бұл шағын кітапты аштыңыз ба, асқақ Алтайдың қалың жыныс орманын аралап, өзен-көлін жағалап кете барасыз. Ақ жарқын, дарқан көңіл елімен тілдескендей, бірге күн кешкендей күйге түсесіз.
Әдебиет • 04 Маусым, 2024
Айтып отырғанымыз, әзербайжан әдебиетінің көзі тірі классигі Анар Рзаев. Ал Қорқыт ата Байқалдан Балқанға дейінгі байтақ даланы мекендеген байырғы түрік жұртының бәріне ортақ орасан зор мифтік, а бәлкім тарихи тұлға. Қазақтың ұлағат ұялаған ұғымында ол қара қобызын күңіренткен құдіретті күйші. Ақыл-парасатымен айналасын аузына қаратқан ақ сақалды абыз. Халқының арғы-бергі шежіресін шешен тілмен толғайтын, алдағыны айна-қатесіз болжайтын әулие. Әйтсе де әр қадамын аңдыған Әзірейіл-ажалдың құрығынан қанша қашса да құтыла алмаған екі аяқты, ет жүректі пенде екені тағы анық. Дәм-тұзы таусылған Дәдеміздің жаны киелі Тұран топырағында, жайылып аққан Сырдарияның жағасында жай тапқан көрінеді. Қармақшы жеріндегі кесенесі келімді-кетімді зиярат етушілерден арылған емес.
Әдебиет • 04 Маусым, 2024
«Суретің қандай, сүтті іңір...»
Шын ақын – ұлттық ақын. Әлем әдебиетін ақтарған сайын бұған көзіміз анық жете түсуде. Ал ұлттық ақынның басты ерекшелігі қоңыр жанында, үстем рухында. Қазақтың жаны кейде дүлей, кейде «насыбайға бола өкпелер» назды, кейде қылдан да нәзік. Бір сөзбен айтқанда, аяулы жан.
Спорт • 04 Маусым, 2024
«Самұрық-Қазынаның» сауапты ісі
Астанада «Charity Samruk Marathon – 2024» қайырымдылық марафоны өтті. Шарада жиналған қомақты қаражат ерекше балаларға арналған әлеуметтік жобаларға жұмсалады.
Өнер • 04 Маусым, 2024
Әнін ұрлап алған: Сазгер Арайлым Мамырбек Тоқтар Серіковті сотқа бермек
ҚР Мәдениет саласының үздігі, сазгер Арайлым Мамырбек танымал әнші Тоқтар Серіковке ауыр айып тағып отыр, деп жазады Egemen.kz.