Шаруашылық • 04 Маусым, 2024
Кербұлақ шаруасының көңілі шат
Кербұлақ еңбеккерлері ауа райының қолайлы сәтін барынша тиімді пайдаланып, бел жазбай шаруаға кіріскен. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәди Саулхановтың сөзіне қарағанда, көктемгі егіс барлық талапқа сай іске асырылып жатыр. Дәнді дақылдарға арналған егістік алқабы – 117 653,4 гектар. Оның 26 085 гектарына күздік бидай, қалғанына жаздық дәнді дақыл себілмек. Оның ішінде жаздық арпа, бидай, сұлы, дәндік жүгері мен қарақұмық бар.
Тұлға • 04 Маусым, 2024
Экологиялық педагогиканың ізашары
Халықтың жақсы сөзі бар: «Таулар алыстаған сайын асқары айбынды көрінеді». Тау тұлғалы адамдар өмірден озып, бақилық өмірге көшкен кезде, олардың бейнесі жүректе өшпейді, көз алдыңнан кетпейді. Сондай адамдардың бірі – белгілі қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық акмеология және Қазақ халық экология академиясының академигі Нұрғали Сарыбеков. Биыл ғалым-ұстаздың туғанына – 90 жыл. Біз жаңарған еліміздің экология құндылықтары мен осы бағдардағы әке еңбегін сабақтастыра зерделеуді жоғары білім саласының қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбековтен өтінген едік.
Ғылым • 04 Маусым, 2024
Астанадағы Назарбаев университетінде жоғары оқу орындарының студенттері АҚШ-тан келген оқытушыларымен бірге пікірсайысқа қатысты. Жыл сайын өткізілетін жобаның мақсаты – тіл үйренудегі тың тәсілдерді тәжірибе арқылы көрсетіп, екі ел арасындағы өзара біліммен алмасу.
Кино • 04 Маусым, 2024
Күні кеше ғана Халықаралық Шанхай кинофестивалі негізгі халықаралық конкурсқа іріктелген фильмдердің тізімін жариялады. Биыл 26-рет өтіп жатқан кинофестивальдің негізгі конкурсында Қазақстан тарапынан режиссер Данияр Саламаттың Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген «Талақ» фильмі бақ сынайды.
Зерде • 04 Маусым, 2024
Ұлт тарихындағы қайта өрлеу кезеңі
Кеңес өкіметі тұсындағы саяси қуғын-сүргін – халқымыздың жазылмас жан жарасы. Бұл күрделі кезеңді жан-жақты зерттеп, әлемдік деңгейде баға беретін әлеуетіміз болу керегі сөзсіз. Осы бағытта елімізде елеулі елдік жобалар қолға алынды. Соның аясында таяуда Солтүстік Қазақстанда тағылымды ғылыми жиын өтті.