Өнер • 04 Маусым, 2024
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ел астанасында республикалық алғашқы «Aiala» арт-экофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушыларға өнер арқылы қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге мүмкіндік береді.
Театр • 04 Маусым, 2024
«Алматыдан гастрольдік сапармен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры келді» дегенді естіген ел қатарынан бес күн болатын қойылымдарға алдын ала билет алған-ды. Касса алдында билет таппай сабылғандары қаншама? Алғашқы күні театр басшылығы баспасөз өкілдерімен кездесіп, өнер сапары туралы сыр шерткен, Шығыс жұртын театрға шақырған.
Шаруашылық • 04 Маусым, 2024
Ауа райын болжаушы мамандардың мәлімдеуінше, солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры жеткілікті, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста қуаңшылық болуы мүмкін. Бұл – болжам. дегенмен диқан қауымы оны әрдайым ескерері анық. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да айтқан болатын.
Экономика • 04 Маусым, 2024
Мүдделер мүйісі. Ұлы Жібек жолының жалғасы – Транскаспий
Осыдан қаншама мың жыл бұрын, анығырақ айтсақ, біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Батыс пен Шығыстың арасын жалғайтын Ұлы Жібек жолының дәуірі басталды. Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарынан бастауын алған ұлы жол Тарым ойпатын көктей өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін жетті. Ғалымдар есебінше, жалпы ұзындығы 12 мың шақырым болған деседі. VI-VII ғасырларда Жетісу мен еліміздің оңтүстігі арқылы өтетін бағыттың тиімділігі арта түскен. Біздің заманның ұлы жолы – Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) болатын сыңайлы. Мұны кей кезде Орта дәліз деп те жүрміз. Бұл бағыт та бастауын Қытайдан алады. Ляньюньган портынан басталған маршрут Қорғас құрғақ портына, Достық бекетіне таяп келеді, одан әрі тауар тиелген вагондар Ақтау мен Құрық порттарына жеткізіледі. Тізбек әрі қарай Әзербайжан, Грузия және Түркия топырағында жалғасып, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығады. Транскаспийдің де ұзындығы 12 мың шақырымға шамалас. Ұлы Жібек жолы арқылы бір кездері сан алуан тауар, әсіресе жасмин суы мен амбра, кілем мен мата, гауһар мен піл сүйегі, алтын құйма мен қауын-қарбыз толассыз тасымалданыпты. Әрине, ең басты тауар – жібек еді. Қазір де Транскаспий арқылы тауардың түр-түрі тасылады. Солардың ішіндегі ең асылы да бағалысы – қазіргі жібегіміз – мұнай. Ұлы Жібек жолының бойында Құлан, Аспара, Алматы, Талхир, Сауран, Сығанақ, Испиджаб сияқты көркем шаһарлар бой көтерді. Қазіргі Транскаспий желісі түсіп жатқан өлкелердің де өн бойына қан жүгіріп, инфрақұрылым жақсарды. Жаңа теміржол өткелдері, жаңа порттар мен бекеттер тұрғызылып, сауда орталықтары көпфункционалды қатынасты күшейтті. Ең маңыздысы – VI ғасырдағы Түрік қағанаты, XIII ғасырдағы Шыңғыс хан империясы, ал XIV ғасырдағы Teмip империясы Ұлы Жібек жолының бойында тарамдалып жатқан бүкіл жолды бақылауына алса, бүгінде Транскаспийді де, байырғы алып империялардың заңды мұрагері Қазақстан тарапы бас болып дамытып, маршрутқа қатысты барлық іс-шараны елорда төрінен реттеуге атсалысып отыр.
Спорт • 04 Маусым, 2024
Әр спортшының асқақ арманы және басты мақсаты – Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары секілді дүбірлі додаларда өз елінің әнұранын шырқап, туын көкте желбірету. Мемлекеттік рәміздер күні осы жағдайға байланысты отандастарымыздың айтқан әсерлі сөздерін жадымызда тағы жаңғыртуды жөн көріп отырмыз.