Мирас • 03 Маусым, 2025
Талысты көрем десең, Ақсайға кел!
Әйгілі Бұқар жыраудың: «Сен – бұзау терісі шөншіксің, Мен – өгіз терісі талыспын!» деп шамырқанатыны есіңізде ме? Сондағы талысты екінің бірі білмеуі мүмкін. Ендеше, талысты көрем десеңіз, Бөрлі аудандық музейіне келіңіз!
Алматы • 03 Маусым, 2025
Ұлттық анимациядағы жаңа белес
Алматыда Балаларды қорғау күні қарсаңында «Алтын адам» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Ұлттық анимацияның қоржынына келіп түскен жаңа туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шықты.
Абай • 03 Маусым, 2025
Ұлтымыздың маңдайына біткен ұлы ақын-ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының биылғы 180 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен атап өтіліп жатыр. Жақында сондай бір кештің куәгері болу бақыты бізге де бұйырды. Ақмола өңіріндегі Степногорск қаласы әкімінің қолдауымен және осы қаланың мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Құлақтан кіріп, бойды алар» – Абай әндерінің кеші шеңберінде жерасты қазба байлығын бауырына басқан шаһарға рухани іссапармен барып қайттық.
Тұлға • 03 Маусым, 2025
Музыка – адам сөзінің мүмкіндігі жетпеген жерге жететін тіл. Бірақ барлық ұлт тілдеріне ортақ. Адамзаттың жасампаздық табиғаты осы музыканы жасау үшін, жарату үшін, дамыту үшін өркениеттің даму деңгейіне жарасымды дәрежеде үйлестіріп отыруға сан алуан ақыл-ой, амал-тәсілді жетілдірген. Өнер эволюциясының барысында адамзат мыңдап саналатын аспаптарды дүниеге әкелген.
Ғалам ғажаптары • 03 Маусым, 2025
Қытай мәдениетінде аң патшасы ретінде арыстан емес, жолбарыс саналады.