Қаржы • 01 Маусым, 2023
1 маусымға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2023
Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн елдегі балдырғандар мен балалардың төл мерекесі ретінде сипат алды. Яғни жеткіншектердің шын қуанып, шаттанатын, сыйлық алып, марқаятын мейрамы. Ал шын мәніне келгенде Балаларды қорғау күні – балдырғандарымызға мына әлемнің махаббаттан жаралғанын ұғындыратын, келер күннің жарқын боларына сенім ұялататын күн. Сондай-ақ балалардың өмірі мен құқығын, денсаулығы мен арман-тілегін қорғау, аялау, оларға қамқорлық жасау дәріптелетін күн.
Инфляция • 01 Маусым, 2023
Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығы (AERC) маусымда инфляция деңгейі 15,22 пайыз болады деп болжайды. Орталық сарапшыларының айтуынша, сыртқы факторлар дезинфляциялық үрдістің (инфляцияның төмендеуі – ред.) орнықсыздығын көрсетіп отыр.
Экономика • 01 Маусым, 2023
Қазақстан – Испания: Экономикалық байланыс нығаяды
Астанада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің 7-отырысында экономиканың екі ел бірлесе дамытуға ниетті маңызды салалары бойынша кең көлемді талқылау болды. Тараптар машина жасау, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару бағыттарында ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Форумға қатысуға Қазақстаннан – 150, Испаниядан 35 компания келді. Іс-шараның басты мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестициялар тарту және жетекші испан компаниялары мен қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру.
Депозит • 01 Маусым, 2023
Ақшаны депозитте сақтау – ең тиімді жол. Әрі қазір базалық пайыздық мөлшерлеме 16,75 пайыз (яғни қымбат) деңгейінде тұр, демек депозиттің де өсімі тәп-тәуір болады деген сөз. Бір айда отандық екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі 3,1 пайызға, бір жылда 21,9 пайызға өсіп, биыл сәуірдің басында 31,3 трлн теңгеге жеткен.