Тұлға • 01 Маусым, 2023
Кей кезде алдымызда жүрген абзал ағаларды ойлағанда «Жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түседі. Осындай зиялы ағаның бірі – Көпжасар Нәрібайұлы еді.
Білім • 01 Маусым, 2023
Мектептегі қоңырау үнін естігенде балалық пен бозбалалықтың қызыққа толы сәттері ғана емес, он бір жыл бойы білім алған мектеп пен ардақты ұстаздарыңыздың бейнесі көз алдыңызға келіп, ғажайып бір күйге енесіз. Осындай сырлы сәтті тағы да басымыздан кешкендей болдық. Астанадағы №8 мектеп-лицейінде өткен соңғы қоңырау салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Қоғам • 01 Маусым, 2023
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев паралимпиадалық боччадан республика чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің өңірлерінен мүгедектігі бар 50-ге жуық спортшы келді.
Қазақстан • 01 Маусым, 2023
Қазақ халқы тәуелсіздікке ұмтылған асқақ арманына, дербес мемлекет болсам деген асыл мұратына 1991 жылы желтоқсан айында қол жеткізді. Ал 1992 жылы 4 маусымда азаттығымызды айшықтап, елдігімізді ерекшелейтін төл рәміздеріміз дүниеге келді. Мемлекеттік рәміздер – әр халықтың әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор. Ол – саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері. Халықтың басын қосып, бір мақсат, бір болашақ жолында Отан үшін қызмет етуге шақыратын ортақ құндылығы.
Спорт • 01 Маусым, 2023
Жазғы Паралимпия ойындары мәресіне жетті
Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында ұйымдастырылған тірек қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында алтыншы жазғы Паралимпия ойындарының алауы сөнді. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен жүлделерді сарапқа салды.