Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Өркендеген өңірдің өнерпаздары-ай!
Қостанай қаласындағы «Мирас» Мәдениет үйінің концерт залында ине шаншар орын болған жоқ. ХХХІ облыстық «Қуатты Қазақстан – шуақты Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар халық шығармашылық фестивалінің қорытынды концертіне қостанайлықтар тайлы-тұяғы қалмай келген тәрізді.
Театр • 02 Маусым, 2017
Бейбітшілік және келісім сарайында Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» повесі желісімен танымал режиссер, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов сахналаған Қазақтың мемлекеттік академиялық Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасының премьерасы өтті.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Қылмыскерді құрықтаған қос қыран
Ерлік есеппен жасалмайды. Ол әр адамның өмір жолында кездесетін күрестен туындайтын нәтиже. Ерлік қоғамда азаматтың ерен тұлғасын қалыптастырады, биік болмысын сомдайды. Бейбіт күнде ел арасын алатайдай бүлдірген бұзақылардың жолын кесу де ертеден ерлікке саналады. Себебі, адам тағдырының құрбандығы орын алуы мүмкін жағдайда жасалған ерлік ешқашан еш кетпейді.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Әскери ведомство басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған комиссия арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді.
Сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша жұмыс істейсіз бе? Бірде құрбым «Жақсы көретін жұмысымды әлі таппадым, тіпті маған қандай мамандық лайық екенін де білмеймін», деді. Ол университет бітіріп, шет елде магистратура тәмамдап келген, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін, өз жұмысына тиянақты, жауапты, кәсіби деңгейі жоғары маман болатын.