Қоғам • 28 Маусым, 2023
Жыл сайын Журналистер күні қарсаңында түрлі байқаулар өткізіліп, өткір тілді, озық ойлы тілшілер қауымы марапатталады. Биыл да игі дәстүр жалғасын тауып, елге хабар жеткізіп жүрген «Егеменнің» журналистері де оза шауып, үздіктер қатарына енді.
Сұхбат • 28 Маусым, 2023
Әсел Жанасова: «Қазпошта» логистикалық хабқа айналады
«Қазпошта» АҚ – еліміздегі пошта байланысының ұлттық операторы және ТМД-да осы саладағы жедел дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Оның ауыз толтырып айтарлық жетістіктерімен қатар, күн тәртібінен түспей тұрған бірқатар проблемасы да бар. Өткен жылы қазан айында акционерлік қоғамның басқарма төрағасы болып сайланған Әсел Жанасовамен сұхбат барысында баспасөзге жазылу мен оны таратуға қатысты түйткілді мәселелер де кеңінен сөз болды.
Медицина • 28 Маусым, 2023
Маман тапшы, техника тозған...
Денсаулық сақтау саласына өңірде ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа ауруханалар салынып, заманауи жабдықтармен қамтылып жатыр. Дегенмен Түркістан облысында медициналық құрал-жабдықтардың 45%-ы тозған. Кей аудандарда денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі қанағаттанарлықсыз жағдайда, 257 дәрігер маман жетіспейді. Одан бөлек, тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер мен шағымдар да аз емес.
Медицина • 27 Маусым, 2023
Қызылорда қаласында «Қазақстанда ЖДО-ның желілерін дамыту» тақырыбында денсаулық сақтау басқармалары мен жастар денсаулығы орталықтары өкілдерінің басын қосқан республикалық семинар-кеңес өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада жастар денсаулық орталықтарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, алда тұрған мәселелер талқыланып, жұмыс барысындағы тәжірибелер таныстырылды.
Әдебиет • 27 Маусым, 2023
Бабаларымыздың дүниені керуенге теңегені неткен әсерлі, неткен тұшымды. Бұғаздай жұмбақ, таудай биік қаламгер ағалар сапы сиреген сайын ой басады. Көнерместей көрінетін сол ағалардан кейінгіге қалған атпал аманаттың бірі – әдебиетке адалдық.