Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Астанада салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көлік қозғалысы шектеледі
7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл шектеу тек өндіріс аймақтарына қатысы жоқ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Республикамыздың шалғай аудандарының бірі Ырғызға журналистік іссапармен барғанымызда өңір жұртшылығы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты байыпты пікір білдіргендеріне куә болдық. Олар бізге пайымды да парасатты дүниеден туындаған өз ойларын жеткізді. Солардың бірқатарын газет оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Қаржы • 02 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстанға қытайлық инвесторлар мол қаржы құймақ
Қытайлық қаржыгерлер бірлескен озық жоба аясында Тайынша ауданында май зауытын салуға кірісті. Болашақта Қазақстан мен Қытай шекарасында логистикалық база, ал Сиань шаһарында сауда кешені бой көтермек.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
«Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның төрайымы Солтүстік Қазақстанда болды
Облыс орталығында 13 мыңнан астам адам баспана алу кезегінде тұр. Соңғы төрт жылдың ішінде 955 пәтер пайдалануға берілсе, биыл “Нұрлы жер” бағдарламасы шеңберінде 1003 пәтерлік 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлады
Халықаралық балаларды қорғау күні облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің әйел ұстаздары мен діни сауаттылық курсының шәкірттері қаладағы ауруханаларда емделіп жатқан мүгедек балаларға барып қайтты.