Қазақстан • 02 Маусым, 2017
«Туы биік елдің – тұғыры биік»
Тауып айтылған тап осы нақыл тақырыпқа өзі сұранғандай. Қарап отырсаңыз, атадан қалған бай мұраның қай-қайсысы да осыған лайық. Қыбын тауып, қисындап жеткізетін қазақ баласы үшін байрақ пен биіктіктің орны қашанда бөлек болғаны белгілі. Туын жықпаған. Биігін аласартпаған. Байрағын да білекті жігітке берген. Құлатпасын деп. Жауы жықса да жалауын жоғары көтеріп өлетіндер ұстаған біздің туды. Көк Тудың киесі де сонда болса керек. Байрағына биік ұшқан қыранды бедерлеуінде де үлкен астар жатқан сияқты. Иә, біздің көңіл биіктікті көксейді. Біз байрағымыздың тек биіктерден желбірегенін қалайтын жұртпыз...
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Кооперация – бұл ауылдың болашағы
Бүгін Қарағанды облысында еліміздің облыстық және аудандық әкімдіктерімен бейнебайланыс режимінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі болды.
Әдебиет • 02 Маусым, 2017
Юлдаш Азаматов: Біз – бәйтеректің бір бұтағымыз
Қырық жыл бойы баспасөз өндірісінің бейнетін көрген, оның ішінде газет шығарудың отымен кіріп, күлімен шыққан журналистика ардагері – жазушы-публицист Юлдаш аға Азаматовтың қолынан қаламы түспегеніне жарты ғасырдай уақыт өтіпті. Республикалық «Ұйғур авази» (бұрынғы «Коммунизм туғи») газетінде табан аудармай 25 жыл редакторлық қызмет еткен қарымды қаламгерге, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне – кеңестік Қазақстан мен Тәуелсіз Қазақстанның баспасөзінің кешелі-бүгінгі ғұмырына салыстыра ой тұжырымдарын жасауын өтінген едік.
Парламент • 02 Маусым, 2017
«Мамочкино моласына» көңіл бөлетін кез келді
Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына жолдаған депутаттық сауалында Қарлаг маңындағы «Мамочкино моласы» аймағын аза тұту орны ретінде тарихи орындардың бірыңғай мемориалды кешендерінің қатарына қосу қажет екенін қозғады. Тұтастай алғанда, сауалда былай делінеді:
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Алматыда биыл үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы пәтер алады
Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Ипотекалық ұйым" Қазақ ипотекалық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов үй кезегінде тұрғандарға Атлеттер ауылынан жаңа пәтер кілттері мен сертификаттарды табыстады, - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің сайты.