Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Бағдарламаның Риддердегі алғашқы түлектері
22 студенттің 14-і еңбекпен қамтылды
Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байланысты. Білім – ырыстың тізгіні. Ырысты тал бесіктен жер бесікке дейін іздейтін уақыт туды. Өйткені, білгірге ділгірлік бар. Тестілеу қортындысы бойынша жоғары оқу орындарына құжат тапсыратын талапкердің өмірлік мақсат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін айқындауы. Сондықтан мамандық таңдауға бейжай қарауға болмайды.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Ардагер журналистер ардақталды
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құрметіне Алматыдағы «Вивальди» мейрамханасында бір топ ардагер журналист Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес тағайындаған «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалімен марапатталды.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Көк пен жерді жалғаған «KazSat»
Бұл күні басқалардан гөрі БАҚ өкілдерінің еңбегі ерекше аталып жатады. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені, алғашында бұл күн журналистердің жеке мерекесі болатын. 28 маусым − БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн. Бірақ кейін журналистер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Ал қазір мерекенің 28 маусымға белгіленген толық атауы − Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Тәуелсіз Қазақстанның ақпарат саласындағы орасан жетістігі ғарыш саласымен тікелей байланысты. Көк мен Жердің арасына көпір салған ғарыш саласының мамандары нағыз байланыстың тұтқасын ұстап отырғандай. Ыбырайшаласақ, «айшылық алыс жерлерден, көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызған» «өнер-білімі бар жұрттар», міне, осы саланың майталмандары.
Көк байрақ көк аспанда желбіреді. Қыран құс құлашын кере қалықтады. Халқына тәуелсіздіктің туын ұстатқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі тарих бетіне алтын әріппен терілді. Жүректі кернеген қуаныш, бақыт, азаттық елімен етене Елбасы елдік қатынастарды нығайту жолына түсті.