Тарих • 03 Маусым, 2019
Талас Омарбеков: Жер бетінде қазақ сияқты қасірет көрген халық жоқ
Өткен тарихыңды таразыламай, болашағыңның кемел болуы неғайбіл. Қазақ тарихында да ақтаңдақтар жеткілікті, оның ішінде кеңестік дәуір тарихи бағасы берілмеген қасіретті кезеңге толы. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбековпен болған сұхбат осы тақырып төңірегінде өрбіді.
Қоғам • 03 Маусым, 2019
Осы жылғы 27 ақпан күні таңғы сағат 6:10 шамасында Тараз қаласындағы Мыңбұлақ шағын ауданындағы №9 үйде газ жарылып, біраз адам зардап шеккен болатын. Тіпті оқыс оқиғаның салдарынан опат болғандар да бар. Аталған қайғылы оқиға, қаралы хабар Тараз жұртшылығының ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі тұрғындардың да еңсесін түсірген еді. Әрине, бүтін бір үйдің дүмпуінің қорқынышынан жергілікті халық көпке дейін арыла алмады.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Халық арасына тараған кейбір әңгімелерге қарағанда еліміздің бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің «қонаққа барған жерден сарқыт алмаңыздар, жұқпалы аурулар тарауы мүмкін» деген ескертуі біздің біраз ағайынға ұнамай қалғанға ұқсайды. Егер ХХІ ғасырда полиэтилен қалтаға салып бір үйден екінші үйге ет, конфет-печенье тасып жүремін дейтіндер болса өз еріктері, оларға қой дейін деп жатқан біз жоқ, қой дегенімізбен сөз тыңдайтын тағы олар жоқ. Сондықтан біздің айтпағымыз басқа.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Сыртқы келбеті көзтартарлық еңселі үйдің ауласы айнадай жарқырап жатыр екен. Көлденең жатқан бір бұрау жоқ. Сыртқы есіктен қабырғаны жағалай мүгедек арбасы жүретін аспалы жол тартылыпты. Таяныш жақтауы алақанның табымен ысылып, жылтырап тұр.
Тарих • 03 Маусым, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталуына орай елорда төрінде айтулы шара ұйымдастырды.