Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері етеді, осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Кей өңірлерде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр болуы мүмкін, жел күшейеді. Тек елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
Ақыртас қалашығына жол салынып жатыр
Ұлы Жібек жолының бойында – Тараз қаласының шығысынан 40 шақырым қашықтықта Ақыртас сарай кешені орналасқан. Қалашықта «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2004 жылдан бері археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде зерттеу жұмыстары одан әрі жанданып, тарихи кешен басында 2008-2009 жылдары «Ақпараттық-ғылыми орталық» ғимараты бой көтеріп, бүгінде аталған орталық өз жұмысына кірісті.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
«Отырар төбе» туристер үшін тартымды болады
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген ой айтты. Яғни, қазақ мықты ұлт болу үшін түп-тарихынан ажырап қалмай, бүгінгісімен қабыса тағлымды өмір сүруі қажет. Ұлттық кодты сақтаудың бір жолы – өткенді ұдайы жаңғыртып отырып, ұлтқа еңбегі сіңген арыстардың еңбегін ұлықтау, жас ұрпаққа өнегелі өмірін өзек ете отырып тәрбие беру болмақ.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Егер дамыған АҚШ-тың өзін алсақ, оларда жастармен жұмыс, жастар саясаты, жастар ұйымдары деген ұғым мүлдем кездеспейді. Германияны алсақ, жастар жөніндегі мемлекеттік мекеменің өзін кездестіру қиын. Жалпы, жастар саясатына көңіл аудару әр елдің даму сатыларына сай жүзеге асырылды. Біздің ел үшін жастар мәселесі өз алдына үлкен бір стратегиялық даму бағыты ретінде қарастырылған.