Таным • 29 Маусым, 2023
Қазақтың сайын даласы кеудесі қазынаға толы көнекөз қария секілді. Тілдесе білсеңіз, көне дәуірден шежіре шерте жөнеледі. Жақында Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Ұялы ауылынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі қос кесене табылды дегенде елең ете қалдық. Ғалымдар оны атақты академик Әлкей Марғұлан сипаттап жазған «Сұлу там» мен «Сырлы тамға» ұқсатып болжам жасап отыр.
Руханият • 29 Маусым, 2023
Халық шежіресі оның танымал өкілдерінің тағдырынан, соның ішінде ұлтты өрбітуде маңызды орынға ие әйел-аналардың ғұмырбаянынан да тұрады. Айша бибі, Домалақ ана, Қарқабат, Бопай, Қызай ана, Жүзей, Айғаным, Күнбике, Айбике, Зере, Аққағаз, Әлия мен Мәншүк, Дина өмірі – осының дәлелі.
Мәдениет • 29 Маусым, 2023
Қара өлеңнің шебері – қаңлы Жүсіп
Қызылордада ақын, жырау Жүсіп Қадірбергенұлының 150 жылдығына арналған «Қара өлеңнің шебері – қаңлы Жүсіп» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Сырдағы сөз сайысына Қызылжар, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, өңірлері мен облыс аудандарынан 12 ақын қатысты.
Спорт • 29 Маусым, 2023
Астанада былтырдан бастап дәстүрлі турнирге айналған бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы ІІ Халықаралық «Елорда кубогі» жарысы басталды. Елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бокс бәсекесі Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өтіп жатыр. Биылғы додада әлемнің 10 елінен келген 200-ден аса былғары қолғап шебері бас жүлдеге таласты бастап кетті. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа мемлекеттердің өкілдері бар. Ал Қазақстан құрамасы сапында Олимпия ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері де қатысып жатыр.
Аймақтар • 29 Маусым, 2023
«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері Жетісу облысының ұлттық тарихы мен мәдениетін, флорасы мен фаунасын зерттеді.