«Қызылорда – Жезқазған бағытындағы тас жол жиегін жағалай біршама адам даланың сарымсақ-пиязын жинап, оны жаппай Қытайға өткізумен айналысады екен. Бұрын қызыл мия тамырын (корень солодки) жинап, оны Қытайға өткізгенін естіген едік. Көктемгі даланың сарымсақ-пиязы көптеген ауру түрлеріне шипа екені белгілі. Тұқым шашып үлгертпей, жинап алып жатқан даланың сарымсақ-пиязын ертең өзіміз сол даладан іздеп таба алмай қалмаймыз ба деген қаупім де жоқ емес», дейді Мақпал Орынбетова есімді азаматша әлеуметтік желідегі парақшасында.
Медицина • 01 Маусым, 2018
Аналар алаңсыз, сәбилер қамсыз болса...
Қазіргі заманда жас аналар мен сәбилердің жағдайы бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым тәуір екені белгілі. Кезінде көп айтылған салмақ жетіспеу, бойы өспей қалу сияқты факторлар қазір азайған.
Медицина • 01 Маусым, 2018
Миграция балдәуренді ұрламауы тиіс
Соңғы жылдары соғыс өрті шарпыған, жұмыссыздық жайлаған кейбір елдерден басқа жаққа бас сауғалаған тұрғындар туралы жиі естиміз. Әсіресе Еуропаға босқын болып ауған сириялықтардың, соның ішінде балалық балдәуренін қатерлі сапарға айырбастап, ажал құшып жатқан сәбилердің болуы да жүректі сыздатады. Тіпті әлемдік баспасөзді кезіп кеткен 3 жасар сириялық босқын баланың жағалауда етпетінен табылған бейнесі осы бір қанқұйлы қақтығыстар қасіретін айыптау нышанына айналып кеткені де шындық.
Медицина • 01 Маусым, 2018
Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі
Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Осыны ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтып қана қоймай, қолдан келген барлық мүмкіндікті жасап келеді. Мемлекет басшысы өзінің «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабында ұрпаққа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тарқата келіп: «Жастар біздің болашағымыз» дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек», деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
Судьялардың сөйлеу мәдениеті артады
Елбасының мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен диалог жүргізуді үйренуі, ел тұрғындарымен түсінікті тілде сөйлесуді, жүргізіліп жатқан реформалардың мән-маңызы мен нәтижесін түсіндіруді үйренуі тиіс деген тапсырмасына сай кеше Жоғарғы сотта «Сот риторикасы: оқыту және тәжірибе мәселелері» атты халықаралық конференция алғаш рет өтті. Және бұл конференция Интернетте онлайн-режімде көрсетілді.