Аймақтар • 01 Маусым, 2018
Алматыда «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі саяси қуғын-сүргін қасіретінің көрінісі» атты жиын өтті
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ғылыми кеңесінің аясында «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі саяси қуғын-сүргін қасіретінің көрінісі» тақырыбында жиын өтті. Жиынға әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар мен қаламгерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі зұлмат жылдар зардабының көрінісі туралы ғылыми ой-толғамдарымен бөлісті.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
Бекболат Тілеухан: Қазіргі қазақ ғасыр көшінен қалмауы керек
Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен сұхбат.
Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдердің қайсысында болсын ең бақытсыз, ең дәрменсіз, ең мүшкіл де қорғансыз халде балалар қалады. Өткен ғасырдың 30-жылдарының басында Қазақстанды жайлаған ашаршылық кезінде де солай болды. Қазақ ұлтына жасалып жатқан қара қастандық зұлматтың ең ауыр да аянышты азабын балалар кешті.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
Тақсыретті тарихтың мұзы мен сызы
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының бас шені-ау, шамасы. Баспасөз үйі шаңырағының астында жұмыс істейтін журналистер қауымы Балғабек Қыдырбекұлының «Алатау» романы жарық көру қарсаңындағы шырғалаңды өзара сыбырласып айтатын.
Аймақтар • 01 Маусым, 2018
Қызылорда облысында «Әлеуметтік балабақша» ашылды
Бүгінде ел ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жағдайы болмай қиналып жүрген аналар көбейіп барады. Ұшпаққа жеткізеді деген ері маскүнем болып, бала-шағасын үйінен қуып шығып жатқан оқиғалар көп. Жолдасы қайтыс болып, шиеттей балаларымен күн көре алмай көшеде қаңғырып қалған, біреудің мал қорасын паналап, ішерге ас таппай отырған аналар жайлы әлеуметтік желіге жиі жүктеліп жүр.