Аймақтар • 01 Маусым, 2018
Батыс Қазақстан облысының әкімі ШҚО-да болды
Елбасының өңіраралық кооперацияны дамыту туралы тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бастаған делегация Өскеменге келіп, бірқатар өндіріс орындарын аралап, сапар соңында маңызды келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орынды иеленді
2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар – дамыған 30 елдің қатарына қосылу кілті
«Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша біздің алдымызда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу міндеті тұр. Бұл Стратегияны жүзеге асырудың негізгі құжаты 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар болып табылады. Ол Үкіметтің орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылын айқындайды, сондай-ақ азаматтардың, мемлекеттің және бизнестің мүддесін танытады.
Аймақтар • 01 Маусым, 2018
ШҚО-да «Аяулы жас келін - 2018» облыстық байқауы өтті
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай, Абай ауданының 90 жылдығы қарсаңында аудан орталығында «Аяулы жас келін 2018» атты облыстық сайыс өтті. Сайыс Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен Шәкәрім Құдабердіұлының 160 жылдығы құрметіне арналды. Байқауға облыстың әр аудандарынан келген 13 келін қатысты.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
Қызметтес аға, «жаяу» жолдас Мамадияр Жақып
Мамадияр ағамыз республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Семей облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызметке кіріскенде, мен әлі мектеп оқушысы едім. Бірақ жасымыздан жазу-сызуға құмар болып, кітап, газет-журналды үзбей оқып өскендіктен, атақты жазушылармен бірге, журналист қауымының аты-жөніне сырттай болса да қанық болатынбыз. Содан мектеп бітіргелі жатқан шақта Семейге келіп, «Семей таңы» газетіне соққанымызда, Мәкеңмен – Мамадияр Жақыппен асығыстау болса да танысып қалғанбыз. Сол тұста кейін осы қызметке өзіміздің де бекітіліп, аз-кемі жоқ ширек ғасыр еңбек ететінімізді, әрине білген жоқпыз.