Өнер • 27 Маусым, 2024
Жоғалса да, жұрнағы қалған әндер
Зейтін Ақышевтың «Жаяу Мұса» романында қазақ өнері, оның ішінде ән мен күйге байланысты небір тың, тосын деректер ұшырасады. Ән сюжеттері, дүниеге келу оқиғалары кеңінен әңгімеленеді. Бірнеше нұсқада қарастыруға мүмкіндік тудырады шығармаға. Әлдебір туынды туралы оқып-біліп алған соң, әрине тыңдармандық талғам да өседі, ой мен сезім толығады, ойлы құлақ түгін білмей тыңдағаннан бір бас жоғары тұрары анық емес пе? Мәселен, аталған романда Тәттімбет күйші мен Жаяу Мұсаның бір емес, екі рет кездескені суреттеледі. Онда шырқалған әндер туралы кейінірек қаузармыз, одан да маңыздысы қазір көп шырқала бермейтін, тіпті ұмытылуға айналды ма екен, әлде мүлде ұмытылып кетті ме екен, мына бір әндерге назар тіктеуге тура келеді.
Тарих • 27 Маусым, 2024
«Саған да сонша құмартып, Жалыңнан жаңа ұстап ем. Жалт беріп, өте шығатын, Жас ғұмыр сонша қысқа ма ең?» Сағи «Тұрдым бір жардың шетінде» атты арманшыл әрі торығуы басым жырын осылай түйіндепті. Жаратылысында бір ерекшелігі бар адамның өз тағдыры туралы да көріпкелдік қасиеті болады деуші еді. Ғұмыр жолының ұзақтау болғанын қалағанымен, тағдырының тұйыққа тірелерін сезгендей-ау.
Халық • 27 Маусым, 2024
AMANAT депутаттары Үкімет есебін тыңдады
Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар Үкімет мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Маусым, 2024
Вейпке тыйым салу: жаңа заң серпін бере ме?
Заңды әзірлеуден бөлек, оны жүзеге асыру мен орындалуын бақылау да аса маңызды міндет. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев энергетикалық сусындарға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шаралардың тиімсіз болып қалуы мүмкін екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Маусым, 2024
Әкімдіктер статистиканы жақсарту үшін деректерді құбылтуы мүмкін - М.Әшімбаев
Статистика объективті және сенімді болуы керек. Бұл – барлық көрсеткішке қатысты мәселе, оның ішінде адамдардың өмір сүру деңгейіне қатысты мәліметтер үшін аса маңызды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі Палата отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.