Саясат • 28 Маусым, 2023
Халықаралық менеджментті дамыту институты (International Institute for Management Development (IMD) 1989 жылдан бастап жыл сайын «World Competitiveness Yearbook» (WCY) әлемдегі бәсеке қабілеті туралы есепті жариялап отырады. Аталған құжатта бәсеке қабілетінің әртүрлі қырын өлшейтін 330-дан астам өлшем негізінде 64 елдің көрсеткіші салыстырылады. Мұндағы нәтижелер 57 институт желісі, бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган және ғалымдар арасында жүргізілген сауалнама мен 6400 басшының жауабына негізделген.
Қазақстан • 28 Маусым, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қызылорда облысында сауда және интеграция және ауыл шаруашылығы вице-министрлері, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, еліміздің барлық өңірі әкімдерінің орынбасарлары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары төрағаларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу мәселелері бойынша апта сайынғы жедел кеңес өткізді.
Өнер • 28 Маусым, 2023
Қуыршақ театрының халықаралық фестивалі
Елорда күні қарсаңында III «Құралай» қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі кішкентай көрермендерін қуанышқа бөледі. Бұл – Астана қуыршақ театры өнерпаздарының балаларға базарлығы.
Қоғам • 28 Маусым, 2023
Төлеген шайырдың «Ақын боп өмір кешу оңай деймісің, қарағым, аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» дейтін өлең жолдары бар еді ғой. Бұл сөзді бүгінде тек ақындарға емес, қолына қалам мен микрофон ұстаған журналистер қауымына қарата айтуға да әбден болады. Шын мәнінде, қоғамдағы әрбір қиындықтың басы-қасынан табылып, халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрген «төртінші билік» өкілдерінің өмірі де тынымсыз тірлікке толы.
Қазақстан • 28 Маусым, 2023
Ұлттық журналистика: «Қазақ» газетінен – «Қазақ газеттеріне» дейін...
Ұлттың айрықша басылымы – «Қазақ» газеті жыл басында 110 жылдығын атап өтті. Өткен ғасырдың бейресми энциклопедиясы іспеттес, әлі де толық зерттеліп бітпеген тарихи басылым туралы әңгіме қозғалған сайын ұлт мүддесіне қызмет еткен тың деректер табылады.