Қазақстан • 28 Маусым, 2017
ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Жаңа басқарма екі басқарманы қосу нәтижесінде құрылды. Құрылыс басқармасы мен Архитектура және қалақұрылысы басқармалары біріктіріліп, Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасы болып құрылды. Оның басшысы болып облыс әкімінің өкімімен Талғат Болатов бекітілді.
Бағдарламалар • 28 Маусым, 2017
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндіру мен олардың іске асырылу барысымен танысу үшін Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Қостанай: Шекарада 64 тотықұс пен 60 тасбақа тиеген машина ұсталды
Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысы шекарасындағы «Қайрақ» өткізу бекетінен шекарашылар «Рено» жеңіл машинасының жүргізуші мен екі жолаушысын ұстады. Бұл жөнінде жергілікті ng.kz сайты хабарлады.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Белгілі журналист Қали Сәрсенбай тек қара сөздің жорғасы ғана емес, оның оқта-текте қағытпасы да, қалжыңы да қатар жүретіні бар. Әрине, ол күнделікті пендешіліктен аспайтын қарабайыр қалжың емес, ұлттың мүддесіне қызмет ететін уытты қалжыңдар.