Қоғам • 29 Маусым, 2022
Ірі жұмыс берушілер маман іздейді
Қазақстанның ірі жұмыс берушілері жастарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысады. 27-29 маусым күндері Электронды еңбек биржасында қазақстандық компаниялардың HR-менеджерлері өз мекемесін таныстырады. Әр үміткер олардан өзін қызықтырған ақпаратты сұрай алады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы әр Қазақстан азаматы қатысуға құқылы. Бұл үшін Enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (KZ-CERT қызметі) Интернеттің қазақстандық сегментінде ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қатерлерін талдау шеңберінде аса маңыздылық деңгейі әтүрлі осалдыққа ұшырауы мүмкін 1 мыңға жуық IP-мекенжайды анықтады.
Спорт • 29 Маусым, 2022
Еркін күрестен Қарағандыда ұйымдастырылған Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күні біз тағы бес салмақ дәрежесі бойынша өткен бәсекелерді тамашаладық. Бұл жолы жанкүйерлер алыптардың айқасын тағатсыздана күтті. Көпшілік жорамалдағандай, бас жүлдені еліміздің ең белді екі балуаны – Юсуп Батырмұрзаев пен Олег Болтин өзара сарапқа салды.
Аймақтар • 29 Маусым, 2022
Төрт түлігі түгел болса, төбедегі келетінін түсінген ауылдағы ағайын ауыл шаруашылығы саласына аяқ басудан қашқан емес. Жеке аулада бес сиыр, онға жуық ұсақ малды ұстайтындарды айтып отырғанымыз жоқ. Ебін тапқандар мемлекеттік қолдауды пайдаланып, шаруашылық құрып, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Малдың санын арттыру былай тұрсын, асылдандыруға асығуда.
Қазақстан • 29 Маусым, 2022
Жасыл жайлау, ақ шаңқан боз үй, белдеуге байланған тұлпарлар және табиғатпен етене өскен қазақ. Дәл осындай көрініс бейнеленген ашықхаттар кезінде Еуропаны шарлағаны шындық. АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған қазақ халқының өміріне қатысты суреттер легі бізді бейжай қалдырмауға тиіс.