Басылым • 28 Маусым, 2024
Әлемнің беделді басылымдары: Дәстүр жалғасады
Интернет желісі дамығалы әлемде классикалық медиа кенжелеп қалды ма? Телевизия көрерменін, радио тыңдарманын, баспасөз оқырманын азайтып алды ма? Бұл – цифрлық медиажүйе дамығалы жиі қойылатын сұрақтар. Бір нәрсе анық. Әлемдегі классикалық журналистика жұмысын тоқтатқан жоқ. Есесіне жаңа технологияның мүмкіндігімен қайтадан жаңғырып, бәсекеге түсіп, «классикалық» деген ұғымға сай қызмет атқарып келеді. Болашақта да атқара бермек. Өйткені классика – мәңгілік, қазіргі сөзбен айтсақ ешқашан «трендтен» түспейді.
Сұхбат • 28 Маусым, 2024
Ерлан Ақбаров: Барлау жұмыстарына басымдық беріледі
Кенже қалып тұрған керек саланың бірі – геологияда шешімін күтіп тұрған түйткіл көп: жаңа кен орындарын табу, сапалы барлау жүргізу, білікті маман тарту. Мемлекет басшысы да барлауды күшейту туралы бірнеше рет айтты. 2022 жылдың аяғында Үкімет геология саласын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасын қабылдады. Ол жер қойнауын геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыруға және минералды-шикізат базасын толықтыруға бағытталған бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Осы орайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровқа көкейдегі сұрақтарымызды қоюдың реті келді.
Құқық • 28 Маусым, 2024
Криминалист – қылмыстық құрамы бар оқиға орынына басқадан бұрын жететін зерттеуші. Осы мамандардың кәсіби әрекеті, қырағылығы – күрмеулі қылмыстың түйінін тарқатудың алғышарты. Криминалистиканың қыр-сырын білмекке құмартушылар көп. 2008 жылдан бері құқық қорғау қызметінде, 2013 жылдан криминалистикада еңбек етіп жүрген Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімнің майоры Ринат Мұқышев саланың сан қырын саралады.
Қазақстан • 28 Маусым, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінің уақыты жақындаған сайын оның дүбірі де жиілей бастады. Дайындық барысын пысықтауға бағытталған отырыс, жиындар бүгінде дамыл тауып жатқан жоқ. Елордада көшелерді ретке келтіріп, саммит өтетін нысандардағы жөндеу жұмыстары да жандана түсті. Ал Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан жыл ішінде нендей шаруаны қолға алып, қаншалықты белсенділік таныта алды?
Үкімет • 28 Маусым, 2024
Экологияға ерекше көңіл бөлінуге тиіс
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінде болды, сондай-ақ Байқоңыр қаласының даму жоспарымен танысты.