Университет • 28 Маусым, 2024
Халықаралық журналистика мектебі: Білім мен білік
Дүниеде әр сөздің жаңғырығы бар. Ал журналистикадағы кез келген ақпарат күллі ғаламға тарайды. Осы журналистика жауынгерлерін даярлау – маңызды іс. Себебі Наполеон Бонапарт айтпақшы, журналист қаламмен көше тазалайды, әрлейді. Елімізде журналистиканы оқытудың классикалық үлгісі әлдеқашан қалыптасқаны белгілі. Дегенмен сәт сайын құбылған digital дәуір жаңашылдықты талап етеді. Жауапкершілігі көп бұл саланы жаңаша оқытуға ұмтылатын білім ордасын іздедік. Осы сұрақтың жауабын іздей келе ат басын Maqsut Narikbayev University-не бұрдық.
Басылым • 28 Маусым, 2024
Әлем тәжірибесінде журналистердің қызметіне мамандық емес, миссия ретінде қарайтын қағида қалыптасқалы қашан. Өйткені халық пен биліктің арасындағы алтын көпірдің міндетін атқарып, жұрттың жайын қаламына арқау ететін, елдіктің жайын қозғайтын мамандардың маңыздылығы да осында. Кейінгі жылдары журналистика саласына келушілердің қатары көбейгені қуантады. Алайда саны артқанымен, айтылар сын мен тағылар мін де көбейді. Ақпарат құралдарының беделіне қатысты пікір де сан алуан.
Ғылым • 28 Маусым, 2024
Болашақ геологтер – зерттеу алаңында
Геолог мамандардың жаңа буынын даярлау мақсатында Геология комитетінің бастамасымен Қ.Сәтбаев атындағы университеттің Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты геологиялық универсиада ұйымдастырды. Республикадағы 10-ға жуық жоғары оқу орындары, колледж студенттері қатысқан универсиада Жамбыл облысы Майлы Қаратау жотасы маңында орналасқан полигонда өтті.
Басылым • 28 Маусым, 2024
Қазақ журналистикасының тарихы қалай оқытылады?
Журналистика – қоғамның айнасы әрі заманның үні. Сондықтан баспасөз тарихы ел тарихымен тұтасқан ғылым саналады. Ал қазақ журналистикасының тарихы қай уақыттан басталады және қаншалықты терең зерттелген? Өз мүддемізге сай, тәуелсіздік көзқарасы тұрғысынан жазылған журналистика тарихы қалыптасқан ба? Біз осы сұрақтарды сала мамандарына қойып, ой-пікірін білген едік.
Тарих • 28 Маусым, 2024
Қазақ ұлттық баспасөзінің тарихында 1911–1913 жылдар аралығында әуелі Ордадан, кейін Орал қаласынан шығып тұрған «Қазақстан» газетінің орны бөлек.