Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Биылғы Ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері мерекесінде «Егемен Қазақстан» басылымы ерекше жүлделі болды. Газетіміздің қызметкерлері – қалың жұртқа танымал қаламгер Жанболат Аупбаев, әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі Думан Анаш және фототілшіміз Ерлан Омаров баспа, радио және интернет-журналистика саласында алғаш рет жарияланған ұлттық «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары атанды.
Парламент • 29 Маусым, 2017
Байқаушылар тобының үйлестірушісімен кездесті
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау барысын байқауға қатысқан ТМД ПАА байқаушылар тобының үйлестірушісі Ильяс Умахановпен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламент • 29 Маусым, 2017
Кеше Астана уақыты бойынша сағат 9:00-де республика бойынша барлық 16 дауыс беру пункті ашылды. Одан кейін байқаушылардың қатысуымен аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары операторларға функционалға кіру үшін логин мен пароль салынған конверттерді ашып берген соң, таңдаушыларды электрондық тіркеу басталды.
Парламент • 29 Маусым, 2017
Мәжіліс тарихи шешімдер қабылдады
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті. Онда үш заң жобасы талқыланды. Ал депутаттар құжаттарды қарауға кіріспес бұрын Мәжіліс Төрағасы VI шақырылымның екінші сессиясының жұмысын қорытындылады.
Үкімет • 29 Маусым, 2017
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қызылорда облысына арнайы сапармен келді. Сапар аясында Үкімет басшысы Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.