Білім • 13 Маусым, 2025
Ұлттық құндылыққа құрылған жазғы демалыс
9 ай оқып, тоқыған баланың ой-санасын сергіту, жаңа оқу жылына серпінді әзірлеу жаз демалысын жайлы өткізумен ұштасып жатыр. Осындай маңызы орасан, мәні терең кезеңді ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастыру екі есе ұтымды болмақ. Астана қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі сапалы демалыстың осы тұсына айрықша ден қойған. Мектеп жанынан құрылған лагерьде балалар тынығып қана қоймай белсенді еңбекке араласып, бабадан балаға жеткен өнегелі өмір сүру дағдыларын бойына сіңіріп жатыр.
Қоғам • 13 Маусым, 2025
Ымдау тіліне арналған электронды сөздік әзірленді
Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігін әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Маусым, 2025
Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк • 13 Маусым, 2025
Елімізде алғашқы криптопровайдерлер 2026 жылы пайда болуы мүмкін
Ұлттық банктің мәліметінше, олардың қызметін іске қосу үшін таяу айларда парламентке енгізілетін тиісті түзетулерді қабылдау талап етілетіні нақтыланған. Заң қабылданғаннан кейін лицензиялау тәртібін, кандидаттарға қойылатын талаптар мен қадағалау регламентін қоса алғанда, заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту басталады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Маусым, 2025
Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобаларды талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Egemen.kz