Аймақтар • 28 Маусым, 2018
Ақтөбе аймағында «Электронды өтініштер» атты жоба басталды
Ақтөбе аймағында «Электронды өтініштер» атты қанатқақты жоба қолға алынды. Бұл бастама бұл бастама «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына арқа сүйейді. Оның басты мақсаты азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш жазуын жеңілдету. Осы арқылы кез-келген адам қажетті органға анаулы минуттардың ішінде өтініш жолдап, оған тез жауап ала алады.
Қазақстан • 28 Маусым, 2018
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Бүгін, 28 маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне өзінің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Сағындық Лұқпановтың басқа қызметке ауысуына байланысты оның орнына Серік Шапкенов келді.
Қазақстан • 28 Маусым, 2018
Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін, 28 маусымда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын ұсынды. Басқа қызметке ауысқан Серік Шапкеновтың орнына Алимұхаммед Құттымұратұлы келді.
Үкімет • 28 Маусым, 2018
Мемлекеттік хатшы «Астанаға ыстық ықыласпен» атты азаматтық форумға қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің ұлттық-мәдени орталықтарының «Астанаға ыстық ықыласпен» атты азаматтық форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Өнер • 28 Маусым, 2018
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған өнер мектебі ашылды
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Өнер мектебі есігін айқара ашты. Мұнда балалар домбыра мен би үйірмелеріне қатысып, ағылшын тілін үйренеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар орталыққа ақысыз қабылданады. Сондай-ақ, дене кемістігі бар балалар да үйірмелерге қатыса алады. Олар сау балалармен қатар ақылы бөлімде білім алады.