Білім • 14 Маусым, 2025
Қазір білім аламын деген адамға шекара да, шектеу де жоқ. Үйде отырып-ақ, елден шықпай-ақ әлемге әйгілі жоғары оқу орындарының курстарынан өтіп, сертификат иеленіп, тіпті диплом алуға болады. Бұған ашық университеттер жобасы мен онлайн білім бағытының қалыптасып, дами түскені ықпал етті.
Мирас • 14 Маусым, 2025
Ақсу қаласында ежелгі қазақ салтына негізделген Қымызмұрындық мерекесі кеңінен атап өтілді.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет
Шаруашылығы өркендеген Шеңгелдіге арнайы атбасын бұрған Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Маусым, 2025
Түркістан облысында 6 инвесторға қатысты заңсыз шешім қабылданған
Түркістан облысы прокуратурасының тарапынан биыл «Инвест-Караван 2025» іс-шарасы шеңберінде 3 көшпелі кездесу өткізіліп, 26 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілген. Сондай-ақ 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғаны анықталып, оларға қатысты тіркелген әкімшілік істердің күші жойылды. Ал 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулері тоқтатылды. Нәтижесінде биылдың 5 айында 216 жеке кәсіпкердің және 6 инвестордың құқы қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 13 Маусым, 2025
Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана – зерттеудің, дамудың ордасы
Білім мен ғылым ордасы, жоғары оқу орнының жүрегі – кітапхана. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы – тарих тереңінен тамыр тартатын, ұлт ұстаздары қалыптастырған рухани орта. 2024 жылы бұл орталық жаңа кейіпке еніп, күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар кітапханаға еліміздің білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаз, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сералы Қаниевтің есімі берілді.