Ғалам ғажаптары • 14 Маусым, 2025
«Claude Opus 4» атты жаңа жасанды интеллект сынақ кезінде инженерді бопсалаған. Егер оны басқа жүйемен алмастырса, олардың жеке құпиясын жария етемін деп қорқытқан.
Форум • 14 Маусым, 2025
Отбасы тәрбиесінің темірқазығы
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Әкелер күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай кеше Астанада республикалық әкелер форумы өтті. Оныншы мәрте ұйымдастырылған іс-шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті. «Әке. Отбасы. Қоғам» тақырыбында өткен форум бірнеше сессияға негізделді.
Саясат • 14 Маусым, 2025
Қазақстан – Қытай: Саяси диалогтен субөңірлік ықпалдастыққа дейін
Танымал халықаралық сарапшы Параг Ханна өзінің «The Future is Asian» атты кітабында XXI ғасырды Азияның ғасыры, ал оның экономикалық қуаты мен геосаяси ықпалы жаһанның болашағын бағамдайды дейді. Автор Азия елдері инфрақұрылым жобалары, технология мен сауда арқылы жаңа күш орталығына айналатынын айтады. Азияның бүгінгі өрлеуі тоғыз жолдың торабы, халықаралық Транскаспий дәлізінің бойындағы Орталық Азияның да тынысын аша түседі. Бүгінде Қазақстан Орта держава (Middle power) ретінде алыс-жақын мемлекетпен теңгерімді қатынас орнатып, халықаралық істердегі субъектілігін нығайтып жатыр. Елімізде өткен Астана халықаралық форумы, «Орталық Азия – Италия» және 16-17 маусымда Астанада өтетін екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиттері – соның айғағы.
Заң мен Тәртіп • 14 Маусым, 2025
Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі
«Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген стратегиялық бағдар еліміздің мемлекеттік саясатының өзегіне айналып, қоғам дамуының басты бағытын айқындап отыр. Бұл – адам құқы мен бостандығын әділетті қорғауға кепілдік беретін, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жүйе. Аталған тұжырымдаманы жүзеге асырудағы қадамдар, прокуратураның рөлі және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы Бас прокурор Берік АСЫЛОВ кеңінен айтып берді.
Руханият • 14 Маусым, 2025
Орталық Азия елдерінде «Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздерінің» халықаралық нұсқасы көрсетіледі
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның аса ірі бұқаралық ақпарат құралдары биылғы 16 маусымда Қытай медиакорпорациясының «Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздері» (халықаралық нұсқасы) тележобасын көрсете бастайды. Жобаны іске қосу ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанда өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне қатысуына орайластырылған.