Әскер • 15 Маусым, 2025
15 маусым – Әкелер күні. Бұл күн – ұрпаққа үлгі болған, өнегелі өмірімен жол көрсеткен әкелерге құрмет білдіретін атаулы дата. Осы орайды Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген кіші сержант Алтынбек Аманғалиев пен оның әкесі 3 сынып сержанты Рүстембек Бекмурзиннің тағылымды өмір жолы назар аудартады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Маусым, 2025
Қазақконцерт симфониялық музыка кешін ұсынды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елордалық көрерменге керемет классикалық музыка кешін өткізді. Сахнада әйгілі испан музыканты, дирижёр, пианист әрі композитор Мануэль Тэвар және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Макпал Кабден өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Маусым, 2025
Адамға ең жақын, ең керекті екі мамандықтың бірі мұғалім, енді бірі дәрігер деген тәмсіл бар. Елімізде маусым айының əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні аталып өтетіні мәлім. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Өйткені әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы. Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде болып, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп, қамқорлықты сезгісі келіп, дәрігерлер қауымына сеніммен барады. Осындай сенімді үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан білікті дәрігердің бірі Нұрбек Нәдіров.
Аймақтар • 15 Маусым, 2025
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Түркістан облысында тікұшақ, дрон және пилотсыз жүк аппаратын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан талқылауда ауқымды жобаны іске асыру шарттары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Таяу Шығыстағы шиеленіс: қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл эвакуацияланды
Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты Дубайдан қазақстандық туристер мінген екі рейс Алматыға қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.