Спорт • 16 Маусым, 2025
Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста топ жарды
Осы айдың 14-15 күндері Бурабай кентінде (Ақмола облысы) триатлоннан халықаралық жарыс өтіп, оған Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан, Жапония елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста жарқырады: үш алтын және жасөспірімдер арасында толық подиум. Турнир World Triathlon халықаралық федерациясының құрлықтық күнтізбесі аясында өтті және Азия мен әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Жарыс жолдары көлдер мен ормандар арқылы өтті, сөйтіп, әділ әрі әдемі жарыс үшін тамаша жағдай жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Отбасындағы зорлық-зомбылық едәуір азайды - Ерлан Қарин
Бүгін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданған заңның нақты нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Жұмысынан айрылған азаматтарға 51,6 млрд теңге қаржы бөлінген
Биылғы жылдың 1 маусымы жағдайына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алып отырған азаматтардың саны 202,8 мың адамға жетті. Оның ішінде 138,2 мың адамға төлем биыл алғаш рет тағайындалған. Бұл мақсатқа бөлінген жалпы сома – 51,6 миллиард теңге, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Таэквондошылар 5 медаль жеңіп алды
789 спортшы қатысқан Austrian Open турнирінде Қазақстан таэквондошылары 5 медальді қанжығасына байлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Маусым, 2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы ұлықталды
ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы, дирижер және Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.