Заң мен Тәртіп • 16 Маусым, 2025
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына айыппұл салынды
Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйене отырып.
Туризм • 16 Маусым, 2025
Еліміздегі қытай туризмі жылының ашылу рәсімі өтті
Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, Қытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Ерлан Қарин ҚСЗИ ұжымына жаңа директорды таныстырды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен институттың директоры қызметіне тағайындалған Жандос Шаймардановты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба • 16 Маусым, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
FOMO синдромы немесе «Үлгермей қалам» деген үрей
Цифрлы технологиялар дамыған сайын адамның санасына түсетін ақпарат көлемі де еселеп артып келеді. Әлеуметтік желілер әрдайым сәттілік, жетістік пен жарқын өмір сәттерін ұсынып, көпшілікті көзге көрінбейтін бәсекеге итермелеп отыр. Соның салдарынан кей жастар «бәрінен қалып қойдым» деген үреймен өмір сүріп, өз мүмкіндігін жіберіп алдым ба деген алаңдаушылыққа бой алдырады. Психологтар бұл жағдайды FOMO синдромы деп атайды, деп жазады Egemen.kz.